Мұхтар Тілеуберді АҚШ елшісімен кездесті

5 Ақпан 2021, 18:54
1134
Бөлісу:
Мұхтар Тілеуберді АҚШ елшісімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Уильям Мозермен онлайн-кездесу өткізді.

Министр американдық тарапқа қазақстандық азаматтарды «Жусан» гуманитарлық операциясы аясында Сириядан қайтаруға және оларды одан әрі бейімдеу барысында қолдау танытқандары үшін алғыс білдірді.

Тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестік мәселелерінің кең ауқымын талқылап, екі мемлекет арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын атап өту бойынша бірлескен іс-шаралар туралы уағдаласты.

Өзгелердің жаңалығы