Мұхитты қайықпен кесіп өтпек болған 75 жастағы саяхатшы көз жұмды

23 Қаңтар 2022, 18:04
1618
Бөлісу:
Мұхитты қайықпен кесіп өтпек болған 75 жастағы саяхатшы көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мұхитта екінші рет жеке саяхат жасамақ болған 75 жастағы француз саяхатшысы Жан-Жак Савен көз жұмды, деп хабарлайды BBC жаңалықтар қызметі. 

Саяхатшының қайығы жұма күні Португалиядан бір жарым мың шақырымдай жерде Азор аралдарынан табылды. Әзірге саяхатшының неден қайтыс болғаны белгісіз.

Бұл жолы мұхит біздің досымыздан күшті болды. Ол теңізді және онда саяхаттағанды жақсы көретін еді, – деп жазылған Савеннің Facebook парақшасында.

Савен 1 қаңтарда Португалияның Сагрешінен Атлант мұхиты арқылы екінші саяхатына шықты. Біріншісін ол үш жыл бұрын үлкен, арнайы салынған бөшкеде жасаған. Бейсенбіге қараған түні Савен екі мәрте апат сигналын берген. Содан кейін онымен байланыс үзілген.

Бұған дейін Facebook-те қатты жел оның жолын 900 шақырымға ұзартқанын және оның күн панелімен қиындықтары бар екенін жазған. Оқырмандарын алаңдайтын ешнәрсе жоқ деп сендірген.

Бұрынғы десантшы, кейінірек жеке ұшқыш болған Савен өткен аптада 75 жасқа толған туған күнін қайығында шампан ішіп атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы