Мухарем Аккайя: Референдум – демократияға жол бастайтын құрал

5 Маусым 2022, 16:40
1681
Бөлісу:
Мухарем Аккайя: Референдум – демократияға жол бастайтын құрал
Фото: Ғазиз ШАКИРОВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Халықаралық байқаушылардың ақпараттық орталығында шетелдік байқаушылардың брифингі жалғасып жатыр. Түркия Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Мухарем Аккайя референдум ол демократияға жол бастайтын құрал екенін айтты.

Қазақстан Конституцияның үштен бір бөлігіне өзгерістер мен түзетулер енгізу мақсатында жалпыхалықтық референдум өтіп жатыр. Референдум басталғанға дейін 2-3 күн бұрын Түркістан қаласына ұшып келген болатынбыз. Түркістанда референдумға дайындық барысын өз көзімізбен көріп келдік. Кейін елордаға келіп, бұл жақтағы дайындық жұмыстарымен де таныстық, - дейді ол.

Мухарем Аккайяның айтуына қарағанда, ұйымдастыру жұмыстары жоғары деңгейде.

Таңертеңнен бастап бірнеше референдум учаскесінде болдық. Халықтың дауыс беруге белсене қатысып жатқанын байқадық. Барған учаскелерде тәртіп сақталған. Референдум - бұл үнемі және жиі қолданылатын құрал емес. Бірақ демократияға жол бастайтын құрал. Қазақстанның соңғы 27 жылда алғаш рет референдум өткізіп отырғанын білеміз. Өткізіліп жатқан референдумның Қазақстан халқына, еліне және болашақтағы демократиясына бастайтын игі жол деп үміттенеміз, - деп айтты шетелдік бақылаушы Мухарем Аккайя.

Өзгелердің жаңалығы