Семей қаласындағы NIS оқушысы Мұхаммадариф Сахмолдин ең беделді халықаралық IOI-2022 олимпиадасының күміс медалін еншіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ол әлемдік деңгейдегі жас информатиктер қатарына осымен екінші мәрте еніп отыр, зияткер өткен жылы International Olympiad in Informatics-тің қола жүлдегері атанды. Сондай-ақ Мұхаммадарифтің жеке коллекциясында Жәутіков олимпиадасы мен республикалық пәндік олимпиадалардың алтындары бар.
2022 жылғы информатикадан халықаралық білім бәйгесі Индонезияның Джокьякарта қаласында ұйымдастырылып, 88 елдің 350-ден аса оқушысын біріктірді. Олар алгоритмдік есептерді шешу және бағдарламалаудан екі күн бойы бақ сынасты.