Мұхамеджан Тазабек "Асыл арна" телеарнасына қатысты жоспарымен бөлісті

25 Қазан 2020, 04:32
1671
Бөлісу:
Мұхамеджан Тазабек "Асыл арна" телеарнасына қатысты жоспарымен бөлісті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Асыл Арна" директоры Мұхамеджан Тазабек телеарна қалай қаржыландырылатыны, арна бағыты келешекте қалай өзгеретіні туралы ")амшы "порталына айтып берді.

Ақын "Тәлім Trend бағдарламасының айналасындағы дауға байланысты өткізген тікелей эфирде "Асыл Арна телеарнасын арабтар қаржыландырады" деген әңгіме шындыққа жанаспайтынын, телеарна бірде-бір мемлекеттен ақша алмағанын атап өтті.

Ол "шетелден ақша алу опасыздық, жауапсыздық" болар еді деп, арна ешбір елден 1 доллар да алмағанын айтты.

Мұхамеджан Тазабектің сөзінше, телеарна ара-тұра ғана тендерге қатысып, азын-аулақ ақша табатыны бар. Табыстың негізгі көзі – жарнама. Кей-кейде қарапайым азаматтар мен қалталы адамдар қаржылай қолдау жасап тұратынын жасырмады.

Ақын енді арнада діни бағдарламалар азайып, отбасылық хабарлар, ұлттық құндылықтарға негізделген бағдарламалар артатынын айтты.

Сондай-ақ, ол 10 жылдан бері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына "Асыл Арнадан" діни арна жауапкершілігін алуды, діни басқарма жеке дін бағытындағы арна ашуы қажеттігі туралы айтып келе жатқанын жеткізді.

Сөзінше, ұсынысы мақұлданып, жуырда  "Асыл арна" телеарнасының орнына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жеке арнасы ашылатын болады.

Өзгелердің жаңалығы