Мүгедектікті белгілеу бойынша өтініштер сырттай қарала бастады

21 Сәуір 2023, 10:49
745
Бөлісу:
Мүгедектікті белгілеу бойынша өтініштер сырттай қарала бастады
Фото: elitar.kz

2023 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жоба іске асты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жоба аясында Қазақстанның барлық өңірлерінен 15,5 мың өтінім қаралды. Бұл куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 23,9%-ы. Қазіргі кезде жобаға 700-ден астам медициналық ұйым қосылған. 2022 жылы сырттай куәландыру бойынша 57,1 мың өтінім қаралды, бұл куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 22,7%-ы.

Мүгедектік тобын белгілеу жөніндегі қызметті алу үшін өтініш берушіге тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгіну және қажетті тексеруден өту қажет, қалған процестер ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен оның қатысуынсыз өтеді.

Сырттай куәландыруға көшу:

  • әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді жояды;
  • МӘС сараптамалық шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді;
  • мүгедектікті белгілеу және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шараларын анықтау бойынша қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік береді;
  • көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысын болдырмайды, сол арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.
Өзгелердің жаңалығы