Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 327 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді

17 Қазан 2022, 14:09
1025
Бөлісу:
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 327 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді

Осы жылдың 9 айында қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы түрінде 327 млрд теңгеден астам қаражат төленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше, қазандағы жағдай бойынша мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 534,6 мың, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – 156 мың адамға жетті.

Мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектік тобына және себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауындағы адам санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленетін ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады.

2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 53 802 теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша төленетін жәрдемақы – 46 328 теңгені құрады.

Өзгелердің жаңалығы