Мүгедектігі бар әйел әуекомпаниядан 1 млн теңге өндіріп алды

12 Ақпан 2024, 15:22
4154
Бөлісу:
Мүгедектігі бар әйел әуекомпаниядан 1 млн теңге өндіріп алды
Фото: pixabay.com

Алматы қалалық соты мүгедектігі бар әйелге әуекомпаниядан материалдық және моральдық шығынды өнідіріп алуға көмектесті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Соттың баспасөз қызметі мәліметінше, 2-топтағы мүгедектігі бар әйел өз еркімен жүріп-түре алмаған. Әйел реабилитациядан өтіп, емделу үшін "Алматы-Бангкок" рейсі арқылы Таиландқа ұшқан. 

Ұшар алдын әуежай қызметкерлері оған мүгедек арбасын багажға өткізуге міндеттеген. Олар Таиландқа қонған кезінде арбаны қайтаруға уәде еткен. Діттеген жеріне жеткен әйел арбасын таппаған. Салдарынан өз еркімен жүріп-тұра алмағандықтан, қонақүй бөлмесінен де шыға алмаған. Әуекомпания мүгедек арбасын тауып беруге немесе құнын өтеп беруге тырыспаған. Салдарынан әйел әскери госпитальден басқа арба алуға мәжбүр болған. Кейін мүгедек әйел әуекомпанияның үстінен сотқа арыз түсіріп, моральдық және материалдық шығынды өтеп беруін талап етті, - делінген хабарламада.

Бірінші инстанциялы сот әйелдің шағымын қанағаттандырды. Әуекомпаниядан 1 млн теңге моральдық шығын өтелді. Алайда мүгедек арбасы түріндегі материалдық шығынды өтеуден бас тартылды.

Әуекомпания сот шешіміне кері шағым түсірді. Алматы қалалық сот істі қарастыра отырып, әуекомпания қабылданған жүктің тапсырылғанынша оған жауапты екенін атап өтті. 

Өзгелердің жаңалығы