Мүгедектігі бар адамның көмекшісі болуға отбасы мүшелері тартылады

15 Наурыз 2023, 18:37
1268
Бөлісу:
Мүгедектігі бар адамның көмекшісі болуға отбасы мүшелері тартылады
Фото: strategy2050.kz

Мүгедектігі бар адамның көмекшісі болуға отбасы мүшелері тартылады. Бұл жұмысқа еңбекақы төленеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сенаттың жалпы отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Әлеуметтік кодекс жобасын таныстырып, ондағы негізгі жаңалықтарға тоқталды.

Әлеуметтік кодексте әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансформациялау мәселесі де қарастырылады.

Оның негізгі мақсаты – мүгедектігі бар азаматтардың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қолжетімділігін арттыру. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова қандай өзгерістер қарастырылып отырғанын айтты.

Біріншіден, мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету ісіне олардың отбасы мүшелерін тарту. Яғни отбасы мүшесі жеке көмекші ретінде рәсімделеді. Бұл жұмысқа еңбекақы төленіп, осы кірістен әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы жарналары аударылады. Осылайша отбасының жұмыспен қамтылмаған мүшелері еңбекке қабілетті жасында жұмыспен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар ықтимал әлеуметтік тәуекел туындағанда жағдайда әлеуметтік қамсыздандыру шараларымен қамтылады, - деп түсіндірді министр.

Екіншіден, арнаулы әлеуметтік қызметтердің жаңа стандарттарын даярлап, жан басына шаққандағы нормативтерді енгізу қарастырылып отыр. 

Оның мөлшері қызметтер үшін жек норматив, ал техникалық құралдар үшін шектеулі бағалар түрінде жіктеледі.

Бұл өзгерістер бір жағынан кейбір жекелеген қызмет пен тауарлар түрлерін монетизациялауға, ал екінші жағынан арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге жеке секторды кеңінен тарту арқылы саланың инфрақұрылымын ауылдық жерге жеткізуге мүмкіндік береді, - деп айтты ведомство басшысы Сенаттың жалпы отырысында.

Ал үшіншіден, әлеуметтік қызмет порталы бойынша жергілікті атқарушы органдар жанында құрылған комиссияларға жаңа құзыреттер беру, оларға мүгедектігі бар азаматтарға сапасыз тауар не болмаса қызмет туралы айтылған өтініштерін әлеуметтік қызмет порталы арқылы қабылдау және оны бес күн ішінде қарау.

Өзгелердің жаңалығы