Мұғалімге қандай жағдайда біліктілік санаты ерте беріледі

4 Сәуір 2024, 16:40
8531
Бөлісу:
Мұғалімге қандай жағдайда біліктілік санаты ерте беріледі
Фото: Артём Чурсинов Оқу-ағарту министрлігі

Бүгін педагогтерге біліктілік санаттарын мерзімінен бұрын беру немесе растау шарттары мен тәртібі жайлы түсіндіреміз, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ашық НҚА порталында Оқу-ағарту министрлігі педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының Ұлттық платформасы арқылы педагогтерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы бірлескен бұйрығын жариялады. Құжатта аттестация қалай өткізілетіні егжей-тегжейлі жазылған.

Бұған дейін аттестация жүйесінің ережелері туралы жаздық. 

Енді порталда жарияланған құжатты негізге ала отырып мұғалімдерге қандай жағдайда біліктілік санаттары мерзімінен бұрын берілетінін түсіндіреміз.

Қызметтің тиісті нәтижелері болған кезде кезекті аттестаттаудан кейін кемінде 2 жыл өткен соң біліктілік санатын мерзімінен бұрын беруге жол беріледі, - делінген құжатта.

«Педагог-сарапшы»

«Педагог-сарапшы» педагог кемінде 4 талапқа сәйкес болуға тиіс.

Талаптар мынадай:

- білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе облыстық деңгейдегі білім беруді басқару органы немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес облыстық, республикалық деңгейлердегі кәсіптік шеберлік конкурстарының жүлдегері немесе жеңімпазы;

- білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе облыстық деңгейдегі білім беруді басқару органы немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес облыстық, республикалық деңгейдегі олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың, чемпионаттардың жеңімпазын немесе жүлдегерін дайындаған адамдар;

- аудандық/қалалық деңгейдегі «Үздік педагог» атағына ие болған адамдар;

- облыс, республикалық маңызы бар қалалар, республика деңгейінде тәжірибені жинақтайды (ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін);

- облыс, республикалық маңызы бар қалалар, республика деңгейінде (ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) педагогтер үшін іс-шаралар өткізуге қатысады;

- С1 (CEFR) деңгейінде ағылшын тілін меңгерген және пәндерді ағылшын тілінде оқытатын адамдар;

- бейіндік пән бойынша халықаралық дәрежедегі кандидат немесе спорт шебері болып табылатын адамдар;

- бейіні бойынша жоғары біліктілік разряды бар өндірістік оқыту шеберлері.

«Педагог-зерттеуші»

«Педагог-зерттеуші» педагог кемінде 5 талапқа сәйкес болуы керек.

Талаптар мынадай:

- білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес республикалық, халықаралық деңгейде кәсіби шеберлік конкурстарының жүлдегері немесе жеңімпазы;

- білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес республикалық, халықаралық деңгейдегі олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың, чемпионаттардың жеңімпазын немесе жүлдегерін дайындаған адамдар;

- білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің және оқу-әдістемелік құралдардың тізбесіне енгізілген жарияланған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы);

- Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқу-әдістемелік кешеннің немесе бағдарламаның немесе әдістемелік материалдардың авторы;

- білім басқармасы жанындағы оқу-әдістемелік кеңесте облыс, республикалық маңызы бар қалалар, республика деңгейінде тәжірибені жинақтайды (ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін);

- облыстық деңгейдегі «Үздік педагог» атағына ие болған;

- ғылым кандидаты/докторы немесе PhD ғылыми докторы дәрежесі және кемінде үш жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар.

«Педагог-шебер»

«Педагог-шебер» педагог кемінде 6 талапқа сәйкес болуға тиіс.

Талаптар мынадай:

- білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес халықаралық деңгейдегі олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың, чемпионаттардың жеңімпазын немесе жүлдегерін дайындаған;

- білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес халықаралық кәсіби шеберлік конкурстарының жеңімпазы немесе жүлдегері;

- Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқу-әдістемелік кешеннің немесе бағдарламаның немесе әдістемелік материалдардың авторы;

- білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің және оқу-әдістемелік құралдардың тізбесіне енгізілген жарияланған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы);

- білім беру саласындағы уәкілетті органның жанындағы оқу-әдістемелік кеңесте республикалық деңгейде тәжірибені таратады;

- ғылым кандидаты/докторы немесе PhD докторы дәрежесі және кемінде 5 жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар;

- Қазақстан Республикасының «Үздік педагогі» атағына ие болған адамдар.

Комиссия «мәлімделген біліктілік санатына сәйкес келмейді» деген шешім қабылдаған кезде мерзімінен бұрын аттестаттау кезінде қолданыстағы біліктілік санаты қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.

Еске сала кетейік, аттестацияның қай күні өткізілетіні бүгінде нақты белгілі емес.

Өзгелердің жаңалығы