Мұғалімді қағазбастылықтан арылтатын бұйрыққа қол қойылды – министр

24 Желтоқсан 2020, 16:09
10561
Бөлісу:
Мұғалімді қағазбастылықтан арылтатын бұйрыққа қол қойылды – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан онлайн брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

Мұғалімдерді көптеген есептіліктен арылту үшін заңды негіздер пайда болды. Ол үшін арнайы бұйрыққа қол қойылды. Орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері толтыруға міндетті құжаттардың нақты тізбесі белгіленді. Артық есептілікті талап еткені үшін лауазымды тұлғалар айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Мектеп басшысы мен оның орынбасарлары толтыратын нақты қажетті құжаттар тізімі де белгіленген, қажеті жоқ құжаттар алынып тасталды, - деді БҒМ басшысы онлайн брифингте.

Оның айтуынша, жаңа оқу жылынан бастап жоғары оқу орындарында да қатаң есептегі құжаттардың 11 формасы алынып тасталды. Бұл оқытушыларға сабаққа дайындалуға және кәсіби дамуға көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай Аймағамбетов КВИ-ге қарсы вакцина салдырғаннан кейінгі жағдайымен бөліскен болатын.

Өзгелердің жаңалығы