Мұғалімдердің орташа жалақысы белгілі болды

24 Тамыз 2023, 18:06
36216
Бөлісу:
Мұғалімдердің орташа жалақысы белгілі болды
Фото: Арман Мухатов - архив

Бұл туралы «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында өтіп жатқан тамыз кеңесінде Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Педагог мәртебесі туралы» заңға сәйкес барлық мұғалімнің еңбек жағдайлары жақсартылды. «Мұғалім» кәсіби стандарты мұғалімнің үздіксіз кәсіби дамуына ықпал етеді, оның негізінде аттестацияға қойылатын біліктілік талаптары және біліктілігін арттыру жүйесі қарастырылады, - деді министр.

Ғани Бейсембаевтың айтуына қарағанда, 2012 жылдан бері еліміздің 620 мұғалімі республикалық «Үздік педагог» байқауының жеңімпазы атанып, оның қорытындысы бойынша 1000 АЕК көлемінде сыйақы алды.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап мектеп мұғалімдерінің жалақысы тағы 25 пайызға өсіп, орта есеппен 450 мың теңге болды. Бүгінгі таңда 217 000 (63%) мұғалім жаңа жүйе бойынша аттестация қорытындысы бойынша негізгі жалақысына қосымша ақы алады, - деп айтты Оқу-ағарту министрі тамыз кеңесінің пленарлы отырысында.

Өзгелердің жаңалығы