Мұғалім тапшылығы қалай шешіліп жатыр

12 Қыркүйек 2023, 13:52
594
Бөлісу:
Мұғалім тапшылығы қалай шешіліп жатыр
Фото: BAQ.KZ - архив

Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің басқарма басшысы Айман Дүйсембаева мектептердегі мұғалім тапшылығы жайлы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ұлттық білім беру деректер қорының ақпараты бойынша елімізде 5 394 педагогке сұраныс бар. Оның ішінде ауылдық жерлерде 2 907, қалалық жерлерде 2 487 мұғалім тапшы. Атап айтсақ, тапшылық қатты сезілетін өңірлер Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Ақмола және Қостанай облыстары, - деді Айман Дүйсембаева.

Оның ішінде 1 100-дей математика пәні мұғаліміне, 715 бастауыш сынып мұғаліміне, физика пәніне 726 мұғалім, ағылшын тілінің 408 мұғалімі, 320 химия пәні, 300-ден аса информатика пәні мұғаліміне сұраныс бар.

Бұл сұраныс қазіргі таңда enbek.kz-ке берілген хабарландырулар арқылы жергілікті жерде конкурстық негізде мұғалімдерді жұмысқа қабылдау жұмысы жалғасып жатыр. Бізде ЖОО-ны бітірген 55 мың түлек бар. Оның ішінде 9 мыңнан астамы грантта оқып бітірген, - деп айтты ол.

Сөзінше, қазіргі күні осы мамандар мектептерге жұмысқа орналасып жатыр.

Сонымен қатар қайта даярлаудан өткен мамандар да мектепке жұмысқа бара алады.

Өзгелердің жаңалығы