Мұғалім болуды сәнге айналдыру қажет – министр

28 Маусым 2022, 12:05
5114
Бөлісу:
Мұғалім болуды сәнге айналдыру қажет – министр
PHOTO

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов көкшетаулық педагогтармен кездесу барысында ұстаздық мамандықтың мәртебесін арттыру үшін мұғалім болуды сәнге айналдыру қажеттігін ұсынды.

Оқу-ағарту министрі мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласы туралы айта келе, бүгінгі күннің басты міндеті – талапты күшейту және мектепке дейінгі білім беру сапасын қамтамасыз ету екенін атап өтті. Бұл әсіресе бала құқының  бұзылуына қатысты соңғы оқиғаларға байланысты өзекті болып отыр. 

Мұғалім болуды сәнге айналдыру қажет – министр

 Егер 2001 жылы біз балабақшаларға лицензия бермейміз дейтін болсақ, қазір мемлекеттік тапсырыс алатын мектепке дейінгі ұйымдарға қойылатын талаптарды күшейтудеміз. Барлық балабақшалар бейнебақылау жүйелерімен жарақтандырылып, санитарлық және өрт нормаларына сәйкес келуі тиіс, тәрбиешілердің кәсібилігі мен біліктілігі тексеріледі. Мектепке дейінгі білім беру мазмұны да жаңартылатын болады. Лицензиялаудан қорықпау керек, жекеменшік мектептер еш қиындықсыз лицензия алады. 2019 жылы елімізде олардың саны 120-ға жетсе, ал қазір олардың саны 500-ге жуық, – деп атап өтті Асхат Аймағамбетов.

Министр Педагог мәртебесі туралы Заңның қабылдануының арқасында орта білім беру саласында қол жеткізілген жетістіктерді атап өтті. 

Мұғалім болуды сәнге айналдыру қажет – министр

Егер бұрын педагогикалық мамандықтарға түсушілердің орташа балы 55 болса, бүгін — шамамен 100 балл. Педагогтарды 86 жоғары оқу орны даярлап келсе, ал қазір 50 ЖОО ғана даярлайды. Бұл жерде ең бастысы – сапа, – деді Асхат Аймағамбетов.

 Оның айтуынша, бұл бірнеше жылдан кейін жоғары кәсіби педагогтардың легі артатынын білдіреді. Ол сондай-ақ инклюзивті білім беру жүйесін дамыту және түзету кабинеттері желісін кеңейту қажеттігін атап өтті.

Кездесудің екінші бөлімі «сұрақ-жауап» форматында өтті. Асхат Аймағамбетов педагогтарды ашық диалогқа шақырды. Оқытушылар білім саласында қордаланған көптеген өзекті мәселелерді көтерді.

Мұғалім болуды сәнге айналдыру қажет – министр

Мектептерде кәсіптік бағдар беру жұмысы қалай құрылады және балаларды еңбекке тәрбиелеу тәжірибесі қайта орала ма деген сауалға Министр түсініктеме берді. 

Кәсіптік бағдар беру бойынша жүйелі жұмыс 7-сыныптан бастап жолға қойылады. Еңбек тәрбиесіне келетін болсақ, бұл тақырып талқылануда, жақында шешім қабылданады, – деді Асхат Қанатұлы.

Зеренді ауданының балабақша меңгерушісі Гүлмира Құсайынова балабақшаларда ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін педагог-ассистенттің штаттық бірлігінің болмауы мәселесін көтерді. Министр жауап ретінде мектептерде мұндай бірлік жақында енгізілгенін және 1000-нан астам педагог-ассистенттер жұмыс істеп жатқанын, мыңдаған баланың білім беру ортасына қосылуына көмектесетінін атап өтті.

Мұғалім болуды сәнге айналдыру қажет – министр

Білім беру ұйымдары жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі бойынша жұмыс істейді. Демек, оларға штаттарды жасақтау мәселесінде көбірек дербестік беру керек. Директор ұжымда мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман, заңгер немесе тағы бір орынбасар қажет пе, соны өз бетінше шеше алуы тиіс, – деді Асхат Аймағамбетов.

Кездесуде асырап алушы ата-аналар үшін балаларды жетімдер үйіне қайтарғаны үшін жаза қолдану, толық емес отбасылардан шыққан балалар үшін оқу ұйымдастыру мүмкіндігі, сынып жетекшілігі үшін ақы төлеу, оқу бағдарламаларын жаңарту туралы мәселелер қозғалды.

Министр білім беру саласына ер адамдарды қалай тарту керек деген сұраққа жауап берді.

Мұғалім болуды сәнге айналдыру қажет – министр

Бұған ешқандай командалық әдіс қол жеткізе алмайды. Бір ғана жол бар: мамандықтың тартымдылығы мен беделін, табыс деңгейін арттыру, мұғалім болуды қайтадан сәнге айналдыру! – деді Асхат Аймағамбетов.

Көкшетаудағы №2 орта мектеп-лицейінің директоры Гүлнар Әбдіқасымова информатика бағдарламасын қайта қарауды ұсынды. 

Мұғалім болуды сәнге айналдыру қажет – министр

Біздің балаларымыз жекелеген информатика мұғалімдеріне қарағанда анағұрлым дамыған, тіпті олардан да көп біледі деп айтуға болады. Менің ойымша, біз информатика бағдарламасын қайта қарауымыз керек, – деді Гүлнар Жантынқызы. 

Министр бұл мәселе жан-жақты зерделеніп жатқанын түсіндірді.

 Қазір бағдарламалау тілі күрделі. Біз заман талабына сай бағдарламаны жаңартамыз. Қазір біздің әріптестеріміз информатика бойынша бағдарламаны жаңарту бойынша жұмыс істеуде, – деді Асхат Қанатұлы.

Өзгелердің жаңалығы