Моңғолияның басым бөлігінде қарлы боран соғып, жолдар жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Болжам жасаған синоптиктер елдің басым бөлігінде, атап айтқанда, Дундговь, Говьсумбэр, Хэнтий, Сухбаатар, Дорноговь және Дорнод аймақтарында алдағы күндері салқын күн райы сақталады деп отыр.
Жауын-шашын жауып, жел жылдамдығы секундына 24 метрге дейін жетуі ықтимал.
Осыған байланысты жергілікті билік жүргізушілерді Ұлан-Батыр-Ондурхан-Баруун-Урт бағытында жолға шықпауға шақырды.