Моңғолияда 100 жастан асқан 131 қария тұрады

23 Ақпан 2023, 19:37
878
Бөлісу:
Моңғолияда 100 жастан асқан 131 қария тұрады
Фото: informburo.kz

Қазір 3,4 млн халқы бар Моңғолияда жасы 100-ден асқан 131 адам тұрып жатыр, деп хабарлады BAQ.KZ.

Елдің Ұлттық статистикалық комитетінің мәліметіне сәйкес оның 114-і әйел адам екен. 

100-ден асқан адамдар саны былтырғымен салыстырғанда 9 адамға қысқарған, - делінген хабарламада.

Ұзақ өмір сүрген қариялардың санағы "Цаган Сар" ұлттық мерекесіне орай жүргізілді. 2023 жылы бұл мереке 21 ақпанда аталып өтті.

Өзгелердің жаңалығы