Моңғолия президенті отставкаға кететінін мәлімдеді

17 Қараша 2026, 12:00
АВТОР
 Ақорда 17 Қараша 2026, 12:00
17 Қараша 2026, 12:00
98
Фото: Ақорда

Моңғолия президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх қызметінен кетіп, өзіне тағылған айыптар бойынша ақиқатты анықтауға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

montsame.mn хабарлауынша, ол бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында айтты. 

Моңғолия президентінің сөзінше, соңғы бір айдан астам уақыт ішінде кейбір топтар оның ар-намысы мен беделіне нұқсан келтіріп, ауыр қылмыстар жасады деп айыптаған.

Хүрэлсүх Моңғолия парламентіндегі Демократиялық партия фракциясының президент қызметін тапсырып, шындықты анықтауы керек деген талабын қолдайтынын жеткізді.

Мен бұл талаппен келісемін. Менің беделіме нұқсан келтіріп жүрген адамдарды тиісті органдарға беріп, ар-намысымды қорғатамын, – деді ол.

Сондай-ақ президент өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, мемлекеттік қызметте жүрген кезінде ешқандай саяси қателік жібермегенін айтты.

Хүрэлсүх 17 жасында Отан алдында ант бергенін, өмір бойы адал қызмет еткенін атап өтті. Оның айтуынша, ол бірқатар кәсіпорындар мен кен орындарын халық меншігіне қайтаруға атсалысқан.

Мен берген антыма адал болып, елімнің игілігі үшін қызмет еттім, – деп айтты сөзін Моңғолия президенті.

Наверх