Нұр-Сұлтанның мобильді бригадалары қалай көмек көрсетеді?

22 Шілде 2020, 18:23
1321
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанның мобильді бригадалары қалай көмек көрсетеді?
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда мобильді бригадалар пневмония және коронавирус инфекциясы бар науқастарға көмек көрсетеді деп хабарлады covid19.astana.kz сайты. 

№2 қалалық емхана директоры Ләззат Руспекованың айтуынша, емхана базасында 290 науқас емделіп шыққан. Бүгінде 135 адам медициналық көмек алуда, оның 53-і сауығу кезеңінде. 

Дәл осындай науқастар үшін мобильді топтар қажет. Біз оларды тегін дәрі-дәрмектермен, соның ішінде антибиотиктермен қамтамасыз етеміз. Үйде олар қажетті емін система түрінде алады. Мобильді топтың дәрігері оларға үш күнде бір рет барады, жағдайын тексереді. Қанның оттегімен қанығу деңгейін, температурасын өлшейді, – дейді Ләззат Руспекова. 

Сонымен қатар, дәрігерлер мұндай науқастарға Damumed қосымшасы арқылы қоңырау шалып, жағдайын біліп отырады. Барлық науқас қашықтан сатурация мен термометрияның қандай екенін анықтайтын пультометрмен қамтамасыз етілген. 

Сондай-ақ, емхана басшысы өткен аптадан бастап оларға мобильді бригадаларға өз көліктерін ұсынатын еріктілер келгенін атап өтті. Мұндай жұмыстар Нұр-Сұлтан әкімдігінің қатысуымен де ұйымдастырылуда. 

Естеріңізге сала кетейік, маусым айынан бастап Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен, коронавирус пен пневмонияға шалдыққан науқастарға көмек көрсету үшін мобильді бригадалар құрылған. Бүгінде Нұр-Сұлтанда 200-ге жуық мобильді бригада жұмыс істейді. Бригада бес мың тұрғынға бір мобильді топ есебімен құрылды.


Өзгелердің жаңалығы