Мобильді аударымдарға қатысты шарттар өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Кірістер комитеті мәлімдеді.
Қазіргі ережеге сәйкес, аударымдар тұрақты түрде үш ай бойы жалғасса және жалпы сома шамамен 1 млн 20 мың теңгеден асса, банктер салық органдарына хабарлайды.
Бірақ бұған дейін Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин ең төменгі жалақының көлемін 150 мың теңгеге дейін өсіру қарастырылып жатқанын айтқан еді. Демек, мобильді аударымдардың шекті сомасы қазіргідей 1 млн 20 мың емес, 1 млн 800 мың теңге болады деген болжам бар.