Мобильді аударым: Вице-министр азаматтар тағы нені ескеру керегін айтты

31 Қаңтар 2024, 17:14
1376
Бөлісу:
Мобильді аударым: Вице-министр азаматтар тағы нені ескеру керегін айтты
Фото: Арман Мухатов - архив

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біздің талаптарымызға сәйкес, әр айда әртүрлі азаматтан 100 аударым түсуі керек және ол үш ай қатарынан жасалуға тиіс. Мәселен азаматқа қаңтар, ақпан және наурыз айларында қатарынан түрлі адамнан 100 мобильді аударым аударылса, бұл мәлімет Кірістер комитетіне келіп түседі. Егер әртүрлі азаматтан қаңтар айында түсіп, ақпанда түспесе және кейінгі айларда аударымдар жасалса ондай ақпараттар комитетке түспейді. Яғни тек 3 ай қатарынан түссе ғана тексеріледі, - деді Ержан Біржанов.

Сондай-ақ вице-министр мемлекеттік кірістер органдары 42 мемлекеттік қызмет көрсететінін айтты. Оның ішінде 25 - салық және 17 - кеден қызметтері, оның 90 пайызы (38 қызмет) электрондық форматқа ауыстырылды.

Бұған дейін Қаржы вице-министрі барлық азаматтың мобильді аударымдары тексерілмейтінін айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы