Мобильді топтардың жұмысы күшейтілді

6 Қараша 2020, 17:38
1327
Бөлісу:
Мобильді топтардың жұмысы күшейтілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысы аумағында COVID-19 инфекциясының таралуына байланысты санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қадағалайтын мобильді топтардың жұмысы күшейтілді.

«Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі санитарлық-эпидемиологиялық талаптар бұзылған жағдайда азаматтар үшін арнайы жедел желіні іске қосты. Облыс аумағындағы кез-келген тұрғын бас санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес санитарлық талаптарды сақтамағандарды 87784746935 WhatsApp номері бойынша бейне-сурет жіберу арқылы хабарлай алады. Келіп түскен шағымдардың барлығы тиісті органдармен бірлесіп қаралатын болады.

Тұрғындардан келіп түскен алғашқы хабарлама бойынша мобильді топ Өскемен қаласындағы «Fora», «Мечта» техникалық-тұрмыстық маркетіне және «Оливье» асханалар желісіне барып, санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізді. Нәтижесінде 60-тан астам тұтынушыға бір мезетте қызмет көрсетуі бойынша санитарлық талаптарды бұзғаны үшін полиция қызметкерлері асхана қызметкерлері мен әкімшісінен түсініктеме алып, әкімшілік хаттама толтыру үшін дәлелдеме материалдарды ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жіберді.

Бетперде тағу, арақашықтықты сақтау және өзге де талаптар ескерусіз қалмау үшін арнайы мобильді топ күнделікті рейд жүргізеді.


Өзгелердің жаңалығы