МКК тауарларға ілеспе жүк құжаттарын растау үшін чат-ботты іске қосты

19 Ақпан 2021, 10:16
1747
Бөлісу:
МКК тауарларға ілеспе жүк құжаттарын растау үшін чат-ботты іске қосты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ЕАЭО елдерінен мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде расталмаған импорт бойынша тауарларға ілеспе жүк құжаттарды растау процесін оңтайландыруға мүмкіндік беретін Telegram мессенджерінде чат-бот іске қосылды.

 

 

Тауарларға ілеспе жүк құжаттарды растау үшін мәліметтер жіберілген кезде чат-бот деректерді автоматты түрде тауарлар әкелінген бақылау-өткізу пунктінің қызметкерлеріне бағыттайды.

Тауарларға ілеспе жүк құжаттарды Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері растаған сәтте чат-ботқа растау туралы хабарлама келеді.

Telegram мессенджеріндегі чат-ботқа қосылу үшін @snt-approval_bot хэштегін теріп, жұмысты бастау және чат-боттың сұрауларын орындау қажет, - деп толықтырды Мемлекеттік кірістер комитетінде. 


 

Өзгелердің жаңалығы