Мирзиёев: Орталық және Оңтүстік Азияны экономикалық дамыған кеңістікке біріктіру керек

16 Шілде 2021, 12:32
1794
Бөлісу:
Мирзиёев: Орталық және Оңтүстік Азияны экономикалық дамыған кеңістікке біріктіру керек
PHOTO

Ташкент, BAQ.KZ тілшісі. Ташкентте Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен «Орталық және Оңтүстік Азия: аймақтық өзара байланыс. Сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» атты халықаралық конференциясы басталды.

Іс-шараға жоғары және жоғары деңгейдегі екі делегация, 15 парламенттік делегация, СІМ-нің 37 делегациясы, түрлі бағыттағы 10 министрлік пен ведомство, әлемнің 44 елінен 180-нен астам іскер топтардың өкілдері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарының 29 басшысы қатысып отыр.

Еске сала кетейік, аталған Орталық және Оңтүстік Азия арасындағы байланыс туралы конференция Өзбекстан Президентінің бастамасымен ұйымдастырылды.

Мирзиёев: Орталық және Оңтүстік Азияны экономикалық дамыған кеңістікке біріктіру керек

Конференциясының ашылуында сөз алған Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің іс-шараның маңыздылығын атап өтті. 

Конференция қатысушы делегаттар мен министрлерге алғыс айтамын. Пандемия жағдайындағы қиын кезеңге қарамастан конференцияға қатысып отырғандарыңыз, екіжақты және өңірлік ынтымақтастықтың маңызды екенін айқын көрсетеді, - деп атап өтті ол.
Мирзиёев: Орталық және Оңтүстік Азияны экономикалық дамыған кеңістікке біріктіру керек

Мирзиёев әлем геосаяси трансформацияға аяқ басқанын атап өтті.
Бүгінде әлем жаһандық геосаяси трансформация дәуіріне аяқ басты. Мұндай жағдайда бүгінде 2 миллиардқа жуық адам тұратын Орталық және Оңтүстік Азияның өзара байланыстарының жандануы неғұрлым талап етілетін және объективті үдеріске айналуда. Біздің халықтарымыздың орасан зор және тарихи ғылыми, рухани-мәдени мұрасын, экономиканың өзара толықтырылуын негізге ала отырып, бірлескен күш-жігерімізді шоғырландыратын уақыт жетті деп ойлаймын. Бұл синергияның қуатты әсерін беретіні сөзсіз, - дейді Өзбекстан Президенті.

Мирзиёев: Орталық және Оңтүстік Азияны экономикалық дамыған кеңістікке біріктіру керек

Сонымен қатар Мирзиёев ортақ орнықты даму мен өркендеудің айқын пайымы мен перспективаларын тұжырымдау қажеттігін жеткізді. Оның айтуынша, Орталық және Оңтүстік Азия мен Еуразиялық континентті тұрақты және экономикалық дамыған, өркендеген кеңістікке біріктіру керек.

Айта кетсек, аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді және басқа да делегаттар қатысты.

Еске сала кетейік, кеше конференция аясында Орталық Азия халықаралық институты (IICA) ашылды.

Өзгелердің жаңалығы