Бұл жайында "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай халықаралық әуежайы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жаслан Ысқақов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл жайында жергілікті "Арқалық хабары" басылымы жазды.
Арқалық қаласының әуе айлағы Алаш ардақтысы, «Оян, қазақ!» деп ұран салған күллі қазақтың мақтанышы Міржақып Дулатұлының атын иеленбек. Бұл туралы қалада өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде белгілі болды. «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жаслан Ысқақовтың айтуынша, ол ақпан айынан бастап жаңадан құрылған филиал – Міржақып Дулатұлы атындағы Арқалық қалалық әуежайының директоры қызметіне кіріседі. Бұл қадам өңірдің рухани жаңғыруына ғана емес, сонымен қатар Торғай өлкесінің тарихи тұлғаларын ұлықтауға бағытталған маңызды шешім болмақ, – деп жазылған мақалада.
Айта кетейік, Арқалық қаласының жаңа әуежайы 2026 жылдың екінші жартысында пайдалануға беріледі деп жоспарланған.