Өмірзақ Шөкеев Мақтааралдағы құрылыс барысын тексерді

22 Шілде 2020, 08:27
1119
Бөлісу:
Өмірзақ Шөкеев Мақтааралдағы құрылыс барысын тексерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мақтаарал ауданында жаңадан іргетасы қаланған ықшам ауданда құрылыс жұмыстары тоқтаусыз жүруде. 

Мырзакент кентіндегі мөлтек ауданда болған Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев құрылыс сапасын тексерді. Жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берді. 

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Құрылыс алаңында 31 мердігер мекеме тұрғын үй құрылысын жүргізуде. Жалпы 386 тұрғын үйдің құрылысына 1427 адам жұмылдырылған. Құрылыс жұмыстары ҚР Үкіметінің резерві және қайырымдылық Қорлардың есебінен жүргізілуде.

Шағын аудан ауыз су, жарық пен газбен қамтамасыз етіліп, байланыс желісімен жабдықталады. Жол төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жаңа мөлтек ауданда абаттандыру жұмыстары аясында саябақ пен 2 спорт алаңшасының құрылысы жүріп жатыр. Жеңіс, Достық, Жаңатұрмыс елді мекендері үшін Жаңадан құрылысы жоспарланған 70 га жер телімін құрайтын мөлтек ауданда 1200 орындық мектеп пен 280 орындық балабақша салынуда. Дәрігерлік амбулатория құрылысы нысанының жұмыстары жүріп жатыр.

Облыс әкімінің нақты тапсырмасын басшылыққа ала отырып, тиісті мекемелер жұмыс қарқынын күшейткен. Құрылыс өз мерзімінде аяқталуы қажет.


Өзгелердің жаңалығы