Минск Еуропа одағына қарымта санкция дайындады

19 Желтоқсан 2020, 10:38
1472
Бөлісу:
Минск Еуропа одағына қарымта санкция дайындады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропалық одақтың Беларуссияға қарсы тағы бір санкциялар пакетін енгізу туралы шешімі тек жағымсыз салдарға әкеліп соқтырады, ал республикада қарсы шаралар дайындалып қойды, деп хабарлайды Tut.by сайты.

Абсолютті, алысты болжай алмайтын және барлық жағынан қате шешім. Бұл тек жағымсыз салдарға әкеледі, - деді Беларуссия Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Анатолий Глаз. 

Глаздың айтуынша, ЕО-ның санкциялары белгіленген мақсатқа жете алмайды және Минск қарсы шараларды дайындап қойған. 

Олардың кейбіреулері (Беларуссияның санкциялары) шынымен әсер ететін шаралар. Осыдан кейін кейбір еуропалық қарсыластар таңданбасын және кінәні басқа жаққа бұруға тырыспасын. Бәрі өте түсінікті, - деді баспасөз хатшысы.

Өзгелердің жаңалығы