Министрлік жанар-жағармайды өндіруге қатысты жоспармен таныстырды

3 Ақпан 2022, 12:52
1378
Бөлісу:
Министрлік жанар-жағармайды өндіруге қатысты жоспармен таныстырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді.  

Ақшолақов мұнай өнімдерін өндіру бойынша 2022 жылға арналған жоспарлар мен жана -жағармай қорларының қазіргі жағдайы туралы баяндама жасады.

Былтыр 12 айдың ішінде 3 мұнай өңдеу зауытында көлемі 17, 28 млн тоннаны құрады. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 107,7 пайыз өсімді көрсетеді. Сонымен қатар 2021 жылы мұнай өнімдерін өндіру көлемі автобензиндер - 4812,8 мың тонна,  дизель отыны - 4870,2 мың тонна ,авиаотын - 586,5 мың тонна және мазут-2410,4 мың тонна немесе 2020 жылдың ұқсас кезеңіне 116,6%-ды құрады, - деп атап өтті Энергетика министрі.

Сондай-ақ ол 2022 жылға арналған жоспарлар туралы айтты.

2022 жылға жоспарланған мұнай өңдеу көлемі 17,9 млн тоннаны құрайтын болады. Бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 5,1% - ға артық. Автобензин -4985 мың тонна, бұл 2021 жылғы көрсеткіштерден 3,5% - ға арттырылды. Дизель отыны-5133 мың тонна, бұл былтырғы көрсеткіштерден 5,4% - ға көп. 
Авиаотын-686,7 мың тонна құрап отыр, - деді Болат Ақшолақов.

Өзгелердің жаңалығы