Министрлік қызметкерлеріне 20 пәтер берілді - Райымқұлова

22 Желтоқсан 2021, 13:34
1462
Бөлісу:
Министрлік қызметкерлеріне 20 пәтер берілді - Райымқұлова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Дене шынықтыру мұғалімдеріне базалық лауазымдық жалақыдан 100% мөлшерінде қосымша ақы енгізілді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова брифингте хабарлады.

Дене шынықтыру мұғалімдеріне мектептерде сабақтан тыс спорттық сабақтарды жүргізгені үшін базалық лауазымдық жалақыдан 100% мөлшерінде қосымша ақы енгізілді. Сонымен қатар Мемлекет басшысының 2021 жылғы Жолдауда айтылған тапсырмасын орындау шеңберінде 2022 жылдан бастап азаматтық қызметшілердің барлық санаттарының (А, В, С, D), оның ішінде мәдениет, архив ісі ұйымдарының қызметкерлерінің жалақысын 2025 жылға дейін орта есеппен 20%-ға жыл сайын арттыру көзделген, - деп атап өтті ол.

Сондай-ақ министр сала қызметкерлерінің тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша қарқынды жұмыс жүргізілгенін айтты.

Мәдениет және спорт министрлігі мен «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы «Ипотекалық ұйымы» АҚ (2020 жылғы 23 қазан) арасында 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамыту мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары үшін кейіннен сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй сатып алу туралы келісімге қол қойылды, - деді Ақтоты Райымқұлова.

Ведомство басшысының айтуынша, Мемлекеттік бағдарлама аясында Министрліктің мемлекеттік қызметкерлеріне Нұр-Сұлтан қаласынан 20 пәтер бөлінді. Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлеріне Алматы қаласында 16 пәтер және Нұр – Сұлтан қаласында 50 пәтер бөлінді.

Өзгелердің жаңалығы