Министрлік фейк болып шыққан жобаға қатысты түсініктеме жасады

20 Қыркүйек 2023, 19:20
1081
Бөлісу:
Министрлік фейк болып шыққан жобаға қатысты түсініктеме жасады
Фото: stopfake.kz

Желіде инвестициялық жобаның фейк жарнамасы тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде Қасым-Жомарт Тоқаев «Қарашығанақ мұнай» компаниясының директорымен бірлесіп іске қосқан платформаның жарнамасы таралуда. Оған кез келген қазақстандық инвестиция сала алады, ал ҚР Қаржы министрлігі тұрақты төлемдер жасап тұруға кепілдік береді. Мұның бәрі өтірік. ҚР Президентінің ресми сайтында мұндай платформа туралы ақпарат жоқ. Қазақстанда «Қарашығанақ мұнай» деп аталатын компания тіркелмеген. Ашық мәліметтерге сәйкес, Қарашығанақ кен орны Petroleum Operating B. V компаниясына тиесілі, оның қатысушылары итальяндық ENI, голландиялық Shell, америкалық Chevron және т.б. шетелдік компаниялар болып табылады.

ҚР Қаржы министрлігі Қазақстанның барлық азаматына тұрақты төлемдер төленетініне кепілдік беретіні туралы ақпаратты ведомствоның баспасөз қызметі жоққа шығарды. 

Желіде Қазақстан Республикасы азаматтарының дивиденттер төленетін бір инвестициялық платформаға қатысуы туралы ақпарат тарады. Постта Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың суреті тіркелген. Бұл ақпараттың Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне, сондай-ақ Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Е.Жамаубаевқа қатысы жоқ. Оны алаяқтар жасаған, бұл фейк ақпарат. Мұндай сілтемелер бойынша өтпеулеріңізді сұраймыз, – деп хабарлады министрлік өкілдері.

Өзгелердің жаңалығы