Министрлер мен әкімдер халықтың табысын арттыру үшін жұмыс істеуі тиіс – Үкімет басшысы

14 Ақпан 2023, 11:44
905
Бөлісу:
Министрлер мен әкімдер халықтың табысын арттыру үшін жұмыс істеуі тиіс – Үкімет басшысы
Фото: Үкімет

Әрбір министр, өңір әкімдері азаматтардың табысын арттыру үшін жүйелі шаралар қабылдауы тиіс. Мұндай тапсырманы Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әрбір министр, өңір әкімдері және ұлттық холдингтер мен    компаниялардың басшылары азаматтардың табысын арттырып, сапалы жұмыс орындарын құру үшін жүйелі шаралар қабылдауы тиіс, - деді Министрлер кабинетінің басшысы.

Смайылов әріптестеріне қоғамды толғандырып отырған әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша тиімді шешімдер табу қажеттігін ескертті.

Ел экономикасының тұрақты және сапалы өсуін қамтамасыз етуге әрбір өңірдің қосатын үлесі маңызды. Өңір әкімдері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға ерекше назар аударуға тиіс, - деп атап өтті Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

Өзгелердің жаңалығы