Министр: Жыл соңына дейін 5 жаңа ұшақ сатып алынады

Министр: Жыл соңына дейін 5 жаңа ұшақ сатып алынады
540

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Air Astana әуе компаниясының президенті Питер Фостермен кездесті. Бұл туралы ол өзінің Telegram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлады BAQ.KZ.

Кездесу барасында министр Қазақстанға жаңа әуе кемелерін жеткізу туралы айтты.

Менің тапсырмам бойынша жыл соңына дейін 5 жаңа ұшақ сатып алынады деп күтілуде. Атап айтқанда, Fly Arystan әуе компаниясының әуе кемелері паркі 2 ұшақпен, Air Astana - 3 самолетпен толықтырылады. Жалпы 2025 жылға дейін 24 жаңа ұшақ, оның ішінде 3 Boeing 787 Dreamliner ұшағы келеді деп күтілуде, – деп жазды Қайырбек Өскенбаев.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ашық дереккөз
Өзгелердің жаңалығы