Министр Жолдау аясында қандай істер атқарылатынын айтты

3 Қазан 2023, 10:40
566
Бөлісу:
Министр Жолдау аясында қандай істер атқарылатынын айтты
Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол Жолдау аясында Мемлекет басшысы өнеркәсіптің берік іргесін қалыптастыру бойынша маңызды міндеттерді алға қойғанын айтады.

Аталған міндеттер өңдеу өнеркәсібінде қайта өңдеуді тереңдету және кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету, базалық инфрақұрылымды қалыптастыру, ірі және стратегиялық жобаларды, инвестициялық жобаларды іске асыру, сондай-ақ нарықты жеңілдетілген қаржыландыру шеңберінде орындалатын болады, – деді өнеркәсіп министрі.

Сондай-ақ министр Мемлекет басшысының Жолдауы аясында реттеуші және фискалдық шараларды енгізу пысықталып жатқанын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы