Министр жанармай туралы: Баға арзандаған сайын, сұранысты қамтамасыз ету қиындайды

3 Сәуір 2023, 16:35
1224
Бөлісу:
Министр жанармай туралы: Баға арзандаған сайын, сұранысты қамтамасыз ету қиындайды
Фото: ОКҚ

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Төмен бағаларды сақтап отырсақ, біз қанша жанармай өндірсек те, барлық сұранысты қамтамасыз ете алмаймыз. Бұл - біріншіден. Екіншіден, бағалар арасындағы айтарлықтай айырмашылыққа байланысты көрші елдерге «ағын» жалғаса береді, оның көлемі арта түседі. Ешқандай шектеулер күткен нәтиже бермейтіні анық, - деп айтты Энергетика министрінің міндетін атқарушысы брифингте.

Сонымен қатар айтуынша, жанармай бағасындағы диспропорция «көлеңкелі» нарықты дамытып, ұлттық экономикаға кері әсерін тигізеді.

Онымен бірге жанармайға төмен бағаның сақталуы мұнай-газ саласына инвестиция тарту, оны дамытуға, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп, ресурстық базаны толықтыруға мүмкіндік бермей отыр, - деп айтты Болат Ақшолақов.

Өзгелердің жаңалығы