Министр: Ұжымдық иммунитеттің қазіргі деңгейін сақтау үшін ревакцинацияны төмендетпеуіміз керек

22 Ақпан 2022, 09:54
1067
Бөлісу:
Министр: Ұжымдық иммунитеттің қазіргі деңгейін сақтау үшін ревакцинацияны төмендетпеуіміз керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлады. Оның айтуынша, қазірде ел халқының жартысынан астамы індетке қарсы екпе алған. 

Бүгінгі таңда коронавирус инфекциясына қарсы бірінші компонентпен ересек халықтың 82,1%-ы егілді. Бұл жалпы ел халқының 53,4%-ын құрайды. Екінші компонентпен 9,4 млн адам егілді. Бұл егілуге тиісті халықтың 78,5%-ы және республиканың жалпы халқының 49,9%-ын құрайды, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Сонымен қатар еліміздің бас дәрігері қауіпті вирустың алдын алудың бір жолы – қайта екпе салдыру деп отыр. 

Қазіргі кезде негізгі профилактика шараларының бірі ревакцинация болып табылады. Ағымдағы жылы ревакцинация деңгейінің өсуі байқалады, бүгінгі күні 2,4 млн адам ревакцинация алды, бұл егілуге тиісті контингенттің 52,6%-ын құрайды. Ұжымдық иммунитеттің қазіргі деңгейін сақтау үшін ревакцинация деңгейін төмендетпеуіміз қажет, - деді еліміздің бас дәрігері. 

Еске сала кетейік, министр бұған дейін Қазақстан сырқаттанушылық бойынша әлем елдері арасында 120-орында екенін айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы