Министр ҰҚШҰ Бас хатшысымен кездесті

10 Наурыз 2021, 13:48
1515
Бөлісу:
Министр ҰҚШҰ Бас хатшысымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Станислав Засьпен кездесті, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар ҰҚШҰ-ның қазіргі жұмысы туралы пікір алмасты. Ұйым қызметінің барлық негізгі бағыты бойынша кең ауқымды мәселелер талқыланды.

Министр осы жылдың мамыр айында Душанбе қаласында өтетін ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысына шақыруды қабылдады.

Тараптар ұйымды одан әрі нығайту бойынша ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.

ҰҚШҰ 2002 жылы құрылған және құрамына Қазақстанмен қатар Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіретін халықаралық өңірлік ұйым. Қазіргі уақытта ҰҚШҰ-ға Тәжікстан Республикасы төрағалық етеді. ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы 2021 жылдың төртінші тоқсанында Тәжікстанда өтеді.

Беларусь өкілі С.Зась ҰҚШҰ Бас хатшысы лауазымына 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы