Министр тұрмыстық зорлық-зомбылықтың басты себептерін айтты

18 Қазан 2022, 10:37
943
Бөлісу:
Министр тұрмыстық зорлық-зомбылықтың басты себептерін айтты

Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, отбасында ойран салатындарға қатысты проблеманы тек күштеу, мәжбүрлеу шарасымен шешу мүмкін емес.

Полицияның қылмыстық немесе әкімшілік шаралары – тек салдармен күрес екенін атап өту керек. Бұл жағдайдың түпкі тамыры – жұмыссыздық, маскүнемдік сынды әлеуметтік проблемалар. Атап айтқанда: әлеуметтік тұрақсыздық, маскүнемдік, нашақорлық, психикалық ауру, құмар ойындармен әуестену (лудомания), моральдық-адамгершілік құндылықтың әлсіреуі. Сондықтан, бұл мәселені шешу үшін: барлық мүдделі мемлекеттік органдар, әкімдіктер, үкіметтік емес ұйымдар, барлық қоғам болып бірігіп, атсалысу керек, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар министр бұл бағытта, тек зорлық-зомбылық құрбандарымен ғана емес, құқық бұзушылармен де қайта оңалту жұмыстарын жүргізу қажеттігін басып айтты. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Марат Ахметжанов биыл отбасылық зорлық-зомбылыққа ұшыраған 7,5 мыңнан астам әйел дағдарыс орталықтарына жіберілгені туралы айтқан болатын. Бүгінгі таңда ел аумағында  мұндай 57 дағдарыс орталығы жұмыс істеп тұр. 

Өзгелердің жаңалығы