Министр: TikTok болашағы – контентке байланысты шешіледі

23 Сәуір 2025, 12:04
744
Бөлісу:
Министр: TikTok болашағы – контентке байланысты шешіледі
Фото: ЖИ

Үкімет отырысынан соң өткен брифингте Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева "TikTok бұғаттау мүмкін бе" деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі таңда бұғаттау мәселесі қарастырылмайды. Өйткені біз "ТикТок" өкілдерімен тығыз жұмыс істеп отырмыз. Олар біздің заңдарымызға қатысты талаптарымызды орындап отыр. Мәселен, ең бірінші - заңсыз контентті алып тастау. Мұны (автор - өкілдері) оқшаулауды қарастырып отыр, - деді ол.

Министрдің сөзінше, бірнеше ай бұрын желіде заңсыз контенттің саны күрт артып кеткен.

Кейін TikTok-пен жұмыс істеп, заңсыз бейнелерді алдырып тастауды қарастырғанда техникалық ақаулар болды. Өйткені екі жақтап жұмыстар атқардық. Қазір құқыққа қайшы келетін контент 80 пайызға қысқарды, - деді Балаева.

TikTok-ты тоқтату мәселесі - ең бірінші қолданушыларға байланысты.

Егер ойсыз әрі заңсыз контент және шындыққа жанаспайтын видеолар көбейе беретін болса, ұлттық қауіпсіздікке әсер ететін болса, әлбетте (тоқтату) көтеріледі, - дейді ведомство басшысы.

Еске сала кетейік, осыған дейін министр Дженнифер Лопестің алдағы концертіне өзі де билет сатып алғанын айтқаны туралы жазғанбыз. Министр "Қазақфильм" айналасындағы шу туралы да пікірін білдірді.

Өзгелердің жаңалығы