Министр Қырғыз шекарасынан келетін судың зардабы туралы айтты

22 Тамыз 2023, 10:26
1146
Бөлісу:
Министр Қырғыз шекарасынан келетін судың зардабы туралы айтты
Фото: BAQ.KZ - архив

Елімізде дәнді дақылдар егісінің 45,1%-ы жақсы күйде. Бұл жайында Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Облыс әкімдіктерінің жедел дерегінше, бүгінгі таңда дәнді дақылдар егісінің 45,1%-ы жақсы, 46%-ы қанағаттанарлық және 7,5%-ы нашар жай-күйде.

181 мың гектар немесе астық дақылдарының 1%-ы жойылған, бұл негізінен Павлодар облысында орын алды, бұл ретте көрсеткіш орташа көпжылдық көрсеткіштен (2,4%) төмен екенін атап өтеміз. Салыстырмалы түрде, құрғақ деп саналған 2021 жылы дақылдардың 3,8%-ы жойылған. Сондай-ақ, Қырғыз Республикасы жағынан судың аз келіп түсуіне байланысты Жамбыл облысы әкімдігінің ақпараты бойынша шамамен 7,8 мың гектар зардап шекті, оның ішінде қант қызылшасы сияқты әлеуметтік маңызы бар дақылдың алаңы 1,2 мың гектар, – деді Қарашөкеев.

Ведомство басшысы жаппай егін жинау жұмыстарының басталуына орай министрлік бүкіл қажетті техниканы дайындағанын айтты.

Өңірлік ауқымда төтенше жағдай жариялау және фермерлердің шығындарын жабу, республикалық бюджеттен субсидияны толық көлемде жеделдетіп төлеу және фермерлердің қайтаратын кредиттерінің мерзімдерін ұзарту бойынша жұмыстар жүргізілуде, – деді Ауыл шаруашылығы министрі.

Өзгелердің жаңалығы