Министр Қазақстан экономикасы 11 айда қанша пайызға өскенін айтты

15 Қараша 2022, 10:15
1018
Бөлісу:
Министр Қазақстан экономикасы 11 айда қанша пайызға өскенін айтты

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров  мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қаңтар-қазан айындағы Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 2,5 пайызға жетті. Оның ішінде нақты сектордағы өсім – 2,8 пайыз, ал қызмет көрсету саласында – 1,6 пайыз. Оң өсу қарқыны ауыл шаруашылығы, ақпарат және байланыс, құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, сауда, көлік және қоймалау салаларында тіркелді. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны – 6,7 пайыз, – деді министр Үкімет отырысында.

Қуантыровтың атап өтуінше, экономиканың негізгі салалары бойынша инвестициялар көлемі өнеркәсіпте 4,1 пайызға, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 13,7 пайызға, сондай-ақ ауыл шаруашылығында – 7,4 пайызға, жылжымайтын мүлікпен операцияларда – 14,7 пайызға, көлік және қоймалауда – 8,5 пайызға ұлғайды. 

Өзгелердің жаңалығы