Министр Pfizer вакцинасының жеткізілу мерзімі неліктен кешігіп жатқанын түсіндірді

15 Қазан 2021, 18:53
8973
Бөлісу:
Министр Pfizer вакцинасының жеткізілу мерзімі неліктен кешігіп жатқанын түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. 

Оның айтуынша, Pfizer вакцинасын жеткізудің кешігіп жатқандығының өзіндік себептері бар.

Pfizer вакцинасын тасымалдау күрделі, себебі қалалар бойынша бірнеше нүктеге жеткізілуі тиіс. Біз ол қай жерде болатындығынан хабардар етеміз. Вакцинациялау пункттерінің қайсысы қамтылатындығын алдын ала айтамыз, - деді Денсаулық сақтау министрі.
Сондай-ақ ол елімізге америкалық вакцинаның келу мерзімін атады.
Бір айдың ішінде – төртінші тоқсанда жеткізілуі тиіс. Мұздатқыштарды дайындап жатырмыз. Қазан-қараша айларында келеді деп ойлаймын. Жақын арада қолжетімді болады, - деп атап өтті Алексей Цой.
Сонымен қатар халықты ревакцинациялау үшін Pfizer екпесінің қосымша жеткізілуіне де тоқталды. Алдымен вакцинаны 12 жастан асқан балалар мен жүкті, бала емізетін әйелдер алады.

Еске сала кетейік, бұған дейін бас мемлекеттік санитарлық дәрігер ревакцинациядан бас тартқандарға қатысты айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы