Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Министр экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін орталық және жергілікті атқарушы органдарға келесідей шараларға назар аудару ұсынды:
1. Инфляцияға қарсы ден қою шараларын тиісті деңгейде іске асыру және отандық азық-түлік тауарларын өндірушілерге қолдау шараларын көрсету;
2. Салынып жатқан нысандарды уақытылы пайдалануға беру бойынша бақылауды қамтамасыз ете отырып, құрылыс жұмыстары маусымын тиімді жүргізу;
3. Инвесторларды тарту және сүйемелдеу бойынша нақты жұмысты барлық деңгейлерде жандандыру;
4. Экспорттаушылардың жаңа нарықтарға шығуын қолдау, экспорттау бағыттарының баламалы жолдарын қалыптастыру;
5. Бизнес өкілдерін кешенді қолдау және олар үшін қолайлы жағдайлар жасауды қамтамасыз ету.
Бұған дейін ең жоғары экономикалық өсім қай өңірде екені айтылды.