Ең жоғары экономикалық өсім қай өңірде екені айтылды

16 Мамыр 2023, 10:35
834
Бөлісу:
Ең жоғары экономикалық өсім қай өңірде екені айтылды

Еліміздің сыртқы сауда тауар айналымы 13,4 пайызға өсті. Бұл жайында Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Ол алдын ала қорытынды бойынша 2023 жылғы қаңтар-наурызда сыртқы сауда тауар айналымы 13,4 пайызға өсіп, 32,7 млрд долларға жеткенін айтады.

Экспорт - 18,7 млрд долларға тең . Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 8,1 пайызға ұлғайып, 5,9 млрд долларға жетті. Тауарлар импорты - 14 млрд доллар. Жалпы, оң сауда балансы 4,8 млрд долларға тең, – деді ол.

Қуантыровтың мәлімдеуінше, өңірлер арасында ең жоғарғы экономикалық өсім Түркістан, Маңғыстау, Қызылордаз және Батыс Қазақстан облыстарында байқалды.

Өңдеу өнеркәсібінде оң өсу сақталып отыр. Өндіріс көлемі 5,1 пайыз өсті. Көрсеткіш өсуі 16 өңірде тіркелді. Соның ішінде ең жоғарғы өсуді Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Абай облыстары және Алматы қаласы көрсетті, – деді министр.

Сонымен қатар оның атап өтуінше, өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша машина жасау өндірісінің 35,9 пайызға, оның ішінде автомобиль жасаудың – 41,2 пайызға, электр жабдықтарын жасаудың – 45,6 пайызға өсуі қамтамасыз етілді.

Өзгелердің жаңалығы