Министр Ноғаев Трамптың жазбасына пікір білдірді

10 Наурыз 2020, 11:28
3601
Бөлісу:
Министр Ноғаев Трамптың жазбасына пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін үкімет отырысынан кейін энергетика министрі Нұрлан Ноғаев тілшілердің безнин бағасына қатысты сауалдарына жауап берді.

- Трамп бензин бағасы төмендейтінін айтты. Бізде бұлай болуы мүмкін бе? - деп сұрады тілшілердің бірі.

- Бензиннің бағасы еркін айналымда. Бәрін нарықтық шарттар реттейді. Біз бірнеше жылдан бері еркін айналымға жібергенбіз, - дейді Нұрлан Ноғаев.

Айта кетейік, кеше АҚШ президенті Дональд Трамп мұнай бағасының төмендеуіне байланысты пікір білдірген болатын.
Әлемдік нарықтың құлдырауы жақсы емес. Бірақ бензин бағасының төмендеуі тұтынушылары үшін пайдалы, -деп жазған болатын Трамп өзінің Twitter парақшасында.
- Сарапшы ретінде бензин бағасының төмендеуі күтіледі деп ойлайсыз ба?

 - Біз өз құзыретіміз шегінде мұнайды жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етеміз және мұнай өнімдерін қажетті мөлшерде қамтамасыз етеміз.  Алаңдауға негіз жоқ.

– Қазақстан өзінің мұнай өндірісін қысқарта ма әлде ұлғайта ма?

 – Өзіміздің осы бағытта нақты жоспарларымыз бар. ОПЕК-тің ұстанымдары – бізге ұсыныс ретінде ғана келіп отыр. Дәл қазір бізде жоспарды өзгертетін ой жоқ. Бензин бағасы бірнеше жылдан бері еркін нарықта. Ұсыныс пен сұраныстың нәтижесінде реттеліп келе жатыр. Оған қажет жанар-жағармай қоры жеткілікті. Қазақстандағы барлық мұнай өңдеу зауыты штатты түрде жұмыс істеп жатыр, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы