Министр мұнай экспортының баламалы бағыттарын атады

14 Желтоқсан 2022, 09:47
940
Бөлісу:
Министр мұнай экспортының баламалы бағыттарын атады

Үкімет отырысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов ведомстваның алдағы жоспарымен таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Республика үшін экономикалық тиімділікті арттыру үшін әділ экономика бөлімінде ірі мұнай газ жобаларының серіктестерімен оларды дамытудың кешенді жоспарын қабылдау бойынша жұмыс жүргізілетін болады. 2029 жылға қарай Шымкент мұнай өңдеу зауытын 9 млн тоннаға дейін кеңейту жобасын аяқтау жоспарлануда. Бұл қайта өңдеу көлемін жылына 21 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді, – деді министр.

 Оның мәлімдеуінше, мұнай экспортының баламалы бағыттарын дамыту жөніндегі жол картасының жобасы әзірленді.

Әзербайжан, Грузия және Түркия порттары бағытында Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға, сондай-ақ Қытай Халық Республикасы мен Иранға экспорттық бағыттарға баса назар аударылатын болады, – деді Ақшолақов.

Өзгелердің жаңалығы