Министр: «Ластаушы төлейді». Бұл – Экологиялық кодекстің негізгі приципі

16 Қараша 2020, 22:15
1364
Бөлісу:
Министр: «Ластаушы төлейді». Бұл – Экологиялық кодекстің негізгі приципі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Экология, геология және табиғи ресурстары Мағзұм Мырзағалиев БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Якуп Беришпен кездесті.

Тараптар 2021-2025 жылдарға арналған Елдік бағдарламасы аясындағы басым бағыттарды талқылады.

Мағзұм Мырзағалиев БҰҰ Даму бағдарламасына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіріп, экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

Біз Қазақстан Республикасының жаңа Экологиялық кодексін дайындадық. Оның негізгі прициптерінің бірі - «ластаушы төлейді» деп аталады. Содан кейін ең үздік қолжетімді технологияларды енгізу мәселесі маңызды. Бұдан бөлек Экологиялық кодекс экологиялық төлемдерді 100% қоршаған ортаны қорғау шараларына жұмсауға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, еліміздің экологиялық даму көрсетіштерін жетілдіруге бағытталған іс-шаралар кешені қабылдануда. Осы бағытта БҰҰДМ-мен бірлескен жұмыс маңызды рөл атқарады. 2021-2025 жылдарға арналған Елдік бағдарлама тиімді нәтижелерге қол жеткізуге серпін береді,- деп атап өтті Мағзұм Мырзағалиев.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан Үкіметінің биоалуантүрлілікті сақтау мен орнықты пайдаланудың 2030 жылға дейінгі Тұжырымдамасы жобасын бекітуін талқылады. Тұжырымдама табиғи экожүйені сақтау мен қалыпқа келтірудің,  стратегиялық құжатына айналады.

БҰҰ Даму бағдарламасы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен қол жеткізген әріптестік деңгейін жоғары бағалайды. Біз Қазақстан Үкіметінің басқа саланың да дамуын жеделдететін “жасыл” экономикаға көшуге күш салуын қолдаймыз. Жаңа Елдік бағдарламада біз “жасыл” экономиканы басым бағыттардың бірі ретінде қарастырамыз. Ол экономиканы диверсификациялауға, жаңа инвестициялар тартуға, жұмыс орындары мен жаңа кәсіпорындар құруға ықпал етеді. Жасыл даму Қазақстан үшін келешекте орнықты даму үшін сөзсіз, жақсы мүмкіндік береді, - деді Якуп Бериш. 

Бұдан бөлек, Қазақстанда “жасыл” технологияларды енгізу, климаттың өзгеруіне қатысты әрекет ету, COVID-19 пандемиясынан кейінгі экологиялық қалпына келтіру стратегиясын жүзеге асыру бойынша әріптестік мәселесі де талқыланды.

БҰҰДМ-ның Қазақстандағы қызметі елдің дамуындағы стратегиялық басымдықтарға сәйкес келетін Елдік бағдарламамен реттеледі.

Өзгелердің жаңалығы