Министр інісіне «Қазатомөнеркәсіпке» директор болуға көмектескені рас па?

12 Шілде 2023, 12:33
700
Бөлісу:
Министр інісіне «Қазатомөнеркәсіпке» директор болуға көмектескені рас па?
VIDEO
Фото: primeminister.kz

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров «Қазатомөнеркәсіп» компаниясына директорлық қызметке тағайындалған інісі Ермек Қуантыровқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Ініңіздің лауазымды қызметке тұруына көмектестіңіз бе?» деп сұрады БАҚ өкілдері министрден.

Иә, шын мәнінде, ол менің інім. Бірақ оның қызметіне менің ешқандай қатысым жоқ. Өздеріңіз түсінесіздер ғой, ол тағайындалу жолында заңды процедуралардың барлығын өтті. Ол Колумбиядағы университетті бітірді. Президенттік жастар кадр резервінде болды. Ол жерге өту де оңай емес. Өзім қатысқандықтан оңай еместігін білемін. Халықаралық құқық, әділет органдарында тәжірибесі мол, сол салада 13 жыл қызмет етті, - деп атап өтті ведомство басшысы Үкіметтің кулуарында берген сұхбатында.

Министр ретінде жұмысқа тұру жолдарын ұсынбадым деп отыр.

Ол менің туған інім. Мен бала кезімнен тәрбие, мінез-құлық туралы үнемі кеңес беріп отырамын. Отбасында екі баламыз, - деді Әлібек Қуантыров.

Еске сала кетейік, Ермек Қуантыров 5 шілдеден бастап «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының құқықтық сүйемелдеу және сатып алу жөніндегі бас директоры болып тағайындалған еді.

Видео: автордан
Өзгелердің жаңалығы