Министр халықты жайылыммен қамтамасыз ету үшін не істелгенін айтты

17 Қаңтар 2023, 12:25
1175
Бөлісу:
Министр халықты жайылыммен қамтамасыз ету үшін не істелгенін айтты

Халықты жеке жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету үшін 2022 жылы жергілікті атқарушы органдар қандай шаралар қабылдаған? Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашлығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Іргелес жатқан босалқы жерлерді елді мекендердің жерлеріне қосу арқылы жалпы алаңы 421,2 мың гектар елді мекендердің шекаралары кеңейтілді. Босалқы жерлерден 2,4 миллион гектар жергілікті халыққа қайта бөлінді. 22,7 мың гектар ауыл шаруашылығы алқаптарын жайылымға трансформациялау жүзеге асырылды. 325,5 мың гектар халықтың жайылымдардағы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін алып қойылды және 1,2 миллион гектар жер резервке қойылды, - деп мәлімдеді Ербол Қарашөкеев.

Сондай-ақ министр Үкімет басшысына әкімдіктердің қандай шараларды жүзеге асырып жатқанын айтты. Олар:  

- Осы бағыттағы жұмысты күшейту және қалыптасқан әлеуметтік шиеленісті болдырмау үшін халықты жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету жөнінде пәрменді шаралар қабылдау;

- Жайылымдарды басқару бойынша 40 жоспарды бекіту жұмыстарын жеделдету және оларды жергілікті жерлерде сапалы іске асыруды қамтамасыз ету;

- жердің одан әрі тозуын болдырмау үшін, оның ішінде біржылдық және көпжылдық дақылдарды егу арқылы жайылымдарды түбегейлі және үстірт жақсарту бойынша іс-шаралар жүргізу;

- жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау жөніндегі жұмыстарды жандандыру қажет деп есептеймін.

Өзгелердің жаңалығы