Министр: Халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету – басты міндетіміз

4 Мамыр 2022, 11:28
1348
Бөлісу:
Министр: Халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету – басты міндетіміз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді. 

Оның айтуынша, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – өзі басқарып отырған министрліктің басым міндеттерінің бірі.  

Су кодексіне сәйкес министрлік елдімекендердің шекарасына дейін сумен жабдықтау жөніндегі функцияларды жүзеге асырады және топтық су құбырларын салу және реконструкциялау жөніндегі бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып табылады. Қазіргі уақытта республика бойынша барлығы ұзындығы 15,5 мың километр 76 топтық су құбыры бар. Оның ішінде ұзындығы 13,4 мың километр құрайтын 39 топтық су құбыры республикалық меншікте. Олар 1,4 млн адам саны бар 655 ауылдық елдімекенді ауыз сумен қамтамасыз етуде, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Сонымен қатар ол былтыр елімізде пайдалануға берілген нысандарға тоқталып өтті.

2021 жылы Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында су құбырларын салу және реконструкциялау жөніндегі 5 объекті пайдалануға берілді. Сондай-ақ тестілік режимде Ақтөбе, Қарағанды және Қызылорда облыстарындағы 3 объекті бойынша сапалы ауыз су беріледі. Нәтижесінде 800 километр желі салынды. Жалпы 5,8 мың адам тұратын 5 ауылдық елдімекен сапалы ауыз суға қол жеткізді және 203 мың халқы бар 51 ауылдық елдімекен мен 3 қалада – Сәтбаев, Макинск және Жезқазғанда  сумен жабдықтау жақсартылды, - деді министр. 

Өзгелердің жаңалығы