Министр фермерлерге қандай жағдай жасалатынын айтты

19 Қыркүйек 2023, 10:20
604
Бөлісу:
Министр фермерлерге қандай жағдай жасалатынын айтты
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров фермерлерді қолдау мақсатында қандай істер атқарылатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министр бұл шешім комиссия жұмыстарының қорытындысы бойынша қабылданған шаралар екенін атап өтті.

Энергетика министрлігімен бірлесіп астықты кептіру үшін дизель отынын бөлу мәселесі пысықталды. 18 қыркүйектен бастап ақпараттық жүйеде өтінімдерді қабылдау басталды. Әкімдіктердің деректері бойынша дизель отынына жалпы қажеттілік 73 мың тонна, оның бағасы литріне 250 теңгеден аспауы қажет. Барлық элеваторлардың күні-түні жұмыс істеуін қамтамасыз ету тапсырылды. Астық кептіру тарифтерінің өсуіне жол бермеу өте маңызды, – деді ведомство басшысы.

Сапаровтың сөзінше, жиналған өнімнің сапасының төмендігіне байланысты тұқыммен қамтамасыз ету мәселесі өткір болып тұр.

«Бәйтерек» холдингі ҚазАгроҚаржы филиалдарына фермерлердің стационарлық және жылжымалы астық кептіргіштерді лизингке алуға арналған өтінімдерін жылдамдатып қарауды тапсырды. Жиналған өнімнің сапасының төмендігіне байланысты тұқыммен қамтамасыз ету мәселесі өткір болып тұр. Осыған байланысты Азық-түлік корпорациясы тұқым қорын қалыптастыру мақсатында қолда бар астық қорларының тұқым ретінде пайдалануға жарамдылығына сараптама жүргізуді бастады. Азық-түлік корпорациясының желісі бойынша астықты жеткізу мерзімі  1 қазаннан 1 қарашаға дейін ұзартылды, – деді Айдарбек Сапаров.

Өзгелердің жаңалығы