Министр еліміздегі ЖОО ректорларымен еркін форматта кездесті

12 Тамыз 2023, 22:42
625
Бөлісу:
Министр еліміздегі ЖОО ректорларымен еркін форматта кездесті
Фото: gov.kz

Алматыда Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек еліміздегі ЖОО ректорларымен еркін форматта кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сүлеймен Димерел атындағы университетте жүзеге асқан іс-шара алдымен өзара қарым-қатынасты нығайту, ортақ шешім қабылдау, командалық рух қалыптастыру мақсатындағы тимбилдингпен басталды.

Тренинг барысында ЖОО басшылары кедергілерді жеңу, жағымды атмосфера құру, топтық қолдау принциптерімен жұмыс істеп, еркін қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік алды.

Жиын ары қарай нәтижелер мен жетістіктер талқыланып, алдағы жоспарлар ортаға салынған дөңгелек үстелмен жалғасты.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бір жыл ішіндегі атқарылған жұмыстарға тоқталып, жаңа оқу жылын «Нәтижелі жыл» деп атауды ұсынды.

Өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2023-25 жылдардағы ғылымға бөлінетін жалпы қаражат 3,5 есе өсті. 2023 жылы 172,8 млрд теңге бөлінсе, 2024 жылы 247,3 млрд теңгеге өседі. Ал 2025 жылы 243 млрд теңге көзделуде. Жалпы суммасы 663,1 млрд теңге.

ЖОО-ның ғылыми инфрақұрылымы 14% жаңа техникалық құрал-жабдықтар сатып алынды. Елімізде шетелдің төрт іргелі оқу орнының филиалы ашылды. Білім бағдарламалары 71%-ға жаңарды. Халықаралық QS рейтінгіне еліміздің 16 ЖОО кірді.

Өзгелердің жаңалығы